Қонаев қаласындағы казинолар миллиардтаған теңгенің салығы төлемеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонаев қаласындағы казинолар миллиардтаған теңгенің салығы төлемеген

29.09.2022

Қонаев қаласындағы казинолар заңды белден басып келген. Ойынханаларға 2019 жылдан бері кешенді тексеру жүргізілген. Нәтижесінде алдын ала есептеу бойынша миллиардтаған теңгенің салығы төленбегені анықталды. Нақты сома алдағы уақытта айтылады. Себебі қазір салық қызметкерлері әлі жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Ойын бизнесі, еңбек заңнамасы, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар да сақталмаған. Сондай-ақ нысандардың бірінен Қазақстанда тыйым салынған интернет-казинолардың жұмыс істегені белгілі болды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 Ерік Асанов, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:
Қазір туризм индустриясы комитетімен біздің талабымыз бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-ші бабымен мекемелерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясымен табысты тәркілеу және лицензияның қолданысын тоқтату көзделген.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу