Маңғыстауда 9 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген
Маңғыстау облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 9 мұғалім анықталды. Оның бірі – Қарақия ауданы Аққұдық ауылындағы мектепте еңбек пәнінен сабақ берген. Мұғалім қылмыстық жауапкершіліке тартылып, жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ 76 мың теңге айыппұл төледі. Мектептерде жалған құжатпен жұмыс істеу дерегі Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қаласында тіркелген.
Мағжан Бегендік, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
Жалған құжат жасатқандар қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, еңбек пәнінен сабақ берген. Және бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Осы істерге қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Енді облыстағы басқа білім ошақтары да тексеріледі.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30