Ақтөбедегі оқушылардың жағдайы министрлік бақылауында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі оқушылардың жағдайы министрлік бақылауында

28.09.2022

Басты байлығымыз - бастың амандығы, ұлт денсаулығы. Тұмауға қарсы екпенің орнына басқа вакцина алған ақтөбелік оқушылардың жағдайы - Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Ведомоство тарапынан қызметтік тексеріс жүргізіледі.

Арнайы комиссия құрамына Санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық, фармацевтикалық бақылау комитетінің басшылары мен білікті мамандар кірген. Олар тексеру жүргізіп, сараптама жасайды. Ақтөбе маңындағы Рауан ауылында мектептен шу шыққаны жайлы кеше хабарлаған едік. 42 балаға тұмауға қарсы екпенің орнына - қателесіп, өзге вакцина салған дәрігер мен мейірбике жұмысынан босады. Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар педиатрлардың бақылауымен сабағын жалғастырып жатыр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу