Huawei компаниясы иновациялық өнімдер шығарудан көш бастап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Huawei компаниясы иновациялық өнімдер шығарудан көш бастап келеді

28.09.2022

Заманауи технологияның тағы бір жаңашылдығы! Huawei компаниясы жасыл энергетика арқылы қуат алатын өнімдерді шығарудан көш бастап келеді. 5G дәуірінде мұндай технологияның маңызы зор. Компания ғылыми зерттеу жұмыстарына басымдық береді. Нәтижесінде иновациялық өнімдер саны артты. Бүгін «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы аясында компания ерекше өнімдерін таныстырды.

Экологияға зияны аз технологияны ұсыну – Huawei компаниясының негізгі ұстанымы. Күн өнергиясы арқылы қуатталатын өнімдер мен жиналған энергияны сақтайтын литиондық батареяларларға әлемде сұраныс жоғары.

Олжас Орманов, Huawei компаниясының аймақтық менеджері:

Huawei компаниясы 5 G – жалпы әлемде іргесін қалаушылардың бірі. Біраз ғылыми зерттеуді қажет етеді. Бүгінгі таңда Huawei компаниясы Қазақстанда, әлемде дайын өнім ұсына алады. Соның ішінде энергетиканы айтып кетуге болады.

Ақпаратты жылдам, кедергісіз алуда мұндағы ақпараттық өндеу орталығына арналған технологилардың орны бөлек. Салқындатқыш құрылғылар 5 G арқылы жұмыс істейді. Бірақ, электр энергиясын 95 пайыз аз тұтынуға мүмкіндік береді. Ал бейнежазбаны 360 бағытта онлайн түсірудің мына тәсілі қаланың қауіпсіздігі үшін керек-ақ.

Суссана Мгдесян, Huawei компаниясының менеджері:

5 G технологиясы арқылы - 360 градуста онлайн бейнеажазба түсіру мүмкіндігі. Телефонның орнына кез келген камераны қолдануға болады. Біз мысал үшін көрсеттік. Корея, Еуропа, Қытайда бұл технология кеңінен қолданылады. Мысалы, спорттық ,концерттік шараларды осы камералар арқылы түсіріп, онлайн жан жағынан тамашалауға мүмкіндік туады. «Ақылды қала» жобасы аясында шаһардың қауіпсздігі үшін таптырмас жоба.

Бүгінгі «Digital Bridge» халықаралық форумы аясында ерекше технологиялар таныстырылды. Айта кетейік, Huawei компаниясы шараның демеушілерінің бірі.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу