Ақтөбеде балаларға қателесіп вакцина салған дәрігер мен медбике жұмыстан босатылды
Ақтөбеде 42 балаға тұмауға қарсы екпенің орнына қателесіп, өзге вакцина салған дәрігер мен мейірбике жұмысынан босатылады. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қос маман да медицина саласында ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан. Екпе салуға рұқсат берген дәрігердің 40 жылдан аса еңбек өтілі бар. Мейірбике 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазір бұл жағдайға байланысты прокурорлық тексеріс басталған. Бұл жөнінде арнайы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.
Рүстем Исаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Облыстық білім басқармасынан шағым түсті. Жұмыс сапасын тексеретін комитет комиссия құрып тәуелсіз сарапшылары бөлек, оның ішіне 2-3 ата-ана кіреді. Сондай-ақ прокуратура іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Мектепке басқа білікті үш медицина қызметкері жіберілді. Олар жыл соңына дейін балалардың денсаулығын бақылап отыруға міндеттелген. Ал, Рауан ауылындағы бұл мектепке қызмет көрсетіп келген жеке меншік «Медикус» емханасымен арадағы келісім-шарт тоқтатылады. Денсаулық саласының мамандары қате берілген вакцина оқушылардың денсаулығына кері әсерін бермейді деп сендіріп отыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтау мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
23.01.2026, 17:41
Алматыдағы мектепте ЖИ зертхана ашылды
23.01.2026, 17:36
Тараздағы әскери мектеп-интернатқа 180 бала қабылданды
23.01.2026, 17:33
Ғылымға бет бұрған ғалымдар көбейіп келеді
23.01.2026, 17:30
Жастарды қолдау шаралары жүйелі жұмыс істеуде
23.01.2026, 17:27
Абай облысы жедел жәрдем көліктерімен толықты
23.01.2026, 17:24
Қарағанды облысында жаңа мәдениет үйі ашылды
23.01.2026, 17:21
О.Сүлейменовты Нобель сыйлығына ұсынды
23.01.2026, 17:18