Ақтөбе облысы аумағында 3 мыңдай ресейлік тіркелді. 14 адам тұрақты тұруға өтініш берген. Бұл азаматтардың кейбірі бұрын осы өңірден көрші елге қоныс аударғандар екені белгілі болып отыр. Ереже бойынша, шет елдіктерді қабылдаушы тарап/ үш күн ішінде құзырлы орындарға хабарлауы керек. Егер бұл талап орындалмаса, заңға сәйкес қабылдаушы жеке және заңды тұлға жауапқа тартылады. 22-қыркүйектен бері халыққа қызмет көрсету орталығында ресейден келушілерге 300-дей қызмет түрі көрсетілген.
Дәрімбет Байымбетов , «Азаматтарға Арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы» АҚ филиал директоры:
Басым көпшілігі ЖСН алуға кезекке тұрып жатыр. Кеше ғана 1300 адам алды. Бүгін 1500 келуші алды. ЖСН негізінен банк картасын рәсімдеуге қажет. Және оны алу үшін ешқандай ақы төлеудің қажеті жоқ.
Жақсыбек Кемал