Украина АҚШ-тан көптен күткен NASAMS зениталық-зымыран кешенін алғанын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина АҚШ-тан көптен күткен NASAMS зениталық-зымыран кешенін алғанын мәлімдеді

26.09.2022

Украина армиясы Ресей жауынгерлерімен Харьков, Николаев, Запорожье, Донецк облысында шайқасып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Ресейде әскер қатарына шақырылып жатқандарды мобилизациядан қашуға және бірінші мүмкіндікті пайдаланып, Украинаға берілуге шақырды. Және де Зеленский Киевтің АҚШ-тан көптен күткен NASAMS зениталық-зымыран кешенін ақыры алғанын мәлімдеді. Бұл жүйе 50 шақырым жердегі нысанды жоя алады.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу