Шекарашылар мобилизациядан қашқан үш Ресей азаматын ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарашылар мобилизациядан қашқан үш Ресей азаматын ұстады

26.09.2022

Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған үш Ресей азаматы ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше олар Қостанай облысындағы «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған пункттерін айналып өтпек болды. Шекара бұзғандар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болдық деп түсіндірді. Қазір жауап алынып жатыр. Ұсталған азаматтардан суық қару тәркіленді. 

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу