Украинаның кейбір аймақтарында Ресейге қосылу жөнінде референдум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның кейбір аймақтарында Ресейге қосылу жөнінде референдум басталды

23.09.2022

Украинаның оккупацияланған территорияларында Ресейге қосылу жөнінде референдум басталды. Ол шығыстағы Луганск, Донецк және оңтүстіктегі Херсон, Запорожье облыстарының жауланған аумақтарында өтіп жатыр.

Айта кетсек, бұл төрт облыс Украина жерінің 15 пайызына жуығын алып жатыр.

Референдум сейсенбіге дейін жалғасады. Кейбір сарапшылардың ойынша, бұл аймақтарды қосып алғаннан кейін Мәскеу оларға жасалған шабуылды Ресейге жарияланған соғыс деп қарастыруы мүмкін.

Батыс пен Киев референдумды заңсыз деп мәлімдеп, оның мақсаты да Украинаның өзге жерлерін Қырым тәрізді аннексиялау деп сипаттады.


Хабарламаларға жазылу