Ердоған Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамады

10.10.2017

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамайтынын тағы да ескертті. Бұл туралы мәлімдемені ол Киевке сапарында жасады. «Түркия Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын қолдайды. Біз Қырымның аннексияланғанын мойындаған жоқпыз және мойындамаймыз да», - дейді Түрік Республикасының басшысы. Тағы бір сөзінде Ердоған Қырым татарларының жағдайын қадағалап отырғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Қырым 2014 жылы наурызда өткен референдум нәтижесінде Мәскеудің қарамағына өтті. Алайда, ол плебисциттің қорытындысын Украина ғана емес, АҚШ пен Еуропа Одағы да заңсыз деп тауып, Ресейге қарсы санкциялар жарияланды.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу