Қызылорда облысында биыл «Конго-Қырым» қанды безгегінен 4 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында биыл «Конго-Қырым» қанды безгегінен 4 адам көз жұмды

20.09.2022

Қызылорда облысында биыл «Конго-Қырым» қанды безгегінен 4 адам көз жұмды. Сондықтан мамандар, күзде қайта өршитін зиянкестерге қарсы жаппай залалсыздандыру жұмыстарын бастады.

Аймақта инфекцияның қоздырғышын тасымалдайтын икСодты кенелердің 16 түрі бар. Олардың таралу аумағы да кеңейіп, бүгінде 116 елді мекен зиянкестердің ошағы деп белгіленді. Сәйкесінше, зардап шеккендер 4 есеге артқан. Және кене шаққан 15 адамда «Конго-Қырым» қанды безгегі анықталған. Жалпы өңірде эпидахуал әлі де күрделі. Сондықтан, далалық жерлерден бөлек, үй-жайлар мен қора-қопсылар да залалсыздандырылмақ.

Әлия Әбдіқайымова, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Бұрынғы жылдары иксодты кенелердің 8-9 ғана түрі болатын. Ал қазіргі жылы малдардың миграциясы салдарынан 4 түрі қосылып отыр. Екінші кенеге қарсы залалсыздандыру 19 тамыздан басталып, 25 қазанда аяқталады. Міне, осы қала төңірегіндегі Махамббет ауылында дизинфекция жүргізіліп жатыр.

Ал, Шығыста биыл соңғы алты айда 4 мыңға жуық адамды кене шаққан. 15-і кене энцефалитіне шалдықты. Зиянкестен жапа шеккендердің дені - Өскемен мен Риддер қаласы, Қотанқарағай, Алтай сияқты орманы қалың ауданның тұрғындары. Мәселен тек Алтай ауданында осы жазда 700 ге жуық адам зардап шеккен. Санитар мамандар кене энцефалитіне шалдыққандардың көбі - дер кезінде дәрігерге қаралмағанын айтады. Ал зиянкестің көбеюіне жауын-шашынның жоқтығы әсер еткен.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу