Павлодар облысында жол апатынан зардап шеккен балалар үйлеріне қайтарылды
Павлодар облысында жол апатынан зардап шеккен балалар дін аман үйлеріне қайтарылды. Ауруханада қазір тек екі үлкен адам ем алып жатыр. Еске салсақ, Астанадан Өскеменге бара жатқан көлік аударылып екі бала көз жұмды. 9 адам жарақат алды. Қайғылы жағдай түнде Екібастұз қаласынан 60 шақырымдағы Қалқаман кенті маңында болған. Қаза болған 6 және 14 жастағы жеткіншек. Екеуі де жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Стационардағы екі науқастың хәлі орташа, дейді мамандар.
Алмас Қайыртаев, №1 қалалық аурухананың дәрігері:
Орташа ауыр халде жатыр. Ер адамның да, әйел адамның да омыртқа сүйектеріне зақым келген. Бірнеше жерден сынық бар. Қалпына келтіреміз, медицинаның оған шамасы жетеді.
Көлік апатынан зардап шеккендердің бәрі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олар өзара туысқан болып шықты. 31 жастағы көлік жүргізушісінің айтуынша, алдыңғы дөңгелек жарылып, аударылған.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17