«Ұлы дала жорығы» атты тұңғыш республикалық марафон-бәйге басталды. 100-ден аса шабандоз Қазақстанның киелі жерлерін аралап, елордадан Түркістанға дейін 1200 шақырымды басып өтеді. Олар күн сайын 100 шақырымды жүріп өтуге тиіс. Әр команданың уақыты есептеліп, соның нәтижесінде жеңімпаздар анықталады. Ереже бойынша құрамадағы бес адамның кемінде үшеуі мәрені кесіп өтуге тиіс. Әр елу шақырым сайын марафон қатысушылары бой жазып, тамақтану үшін арнайы киіз үйлер мен шатырлар тігіледі.
Әлібек Әлденей, ұйымдастырушы:
Жорықтың мақсаттарының бірі біздің туристік әлеуетімізді, біздің ұлттық-мәдени брендімізді қалыптастыру, әлемге паш ету. Қазірдің өзінде көптеген шетелдер, жақын елдер, Қырғыз, Өзбек, Түркіменстан, Ресей, Кавказ елдері қатысуға ынталы.