Нью-Йоркте БҰҰ сессиясына дайындық қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте БҰҰ сессиясына дайындық қызу жүріп жатыр

19.09.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йорк қаласына барды. Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысып, жиынның жалпы дебатында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек бірқатар кездесулер жоспарланған. Толығырақ АҚШ-тан тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Шерхан Жамбылұлы тарқатады. Шерхан....

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Дегенмен Нью-Йоркте әлі де қалың түн. 10 сағат уақыт айырмашылығы бар. Нөмірі бірінші борт АҚШ-қа қонды. Біріккен Ұлттар Ұйымының жиыны алдында президент жергілікті іскер топтармен кездесуді жоспарлап отыр. Алғашқы келіссөздер бүгін осындағы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-ден бастап, қас қарайғанша жалғаспақ. Қазақстан Президентімен жүздесуге әлемнің ең алпауыт компанияларының басшылары бейіл білдірген. Олардың қатарында JPMorgan, Goldman Sachs, Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Microsoft секілді корпорациялар бар. Бұл толық тізімнің жартысы ғана. Жұмыс кестесі өте тығыз. Президент көпшілігімен жеке-жеке әңгімелеспек.

Дайындық қызу. Нью-Йоркте қазіргі таңда қарбалас. Жүздеген делегация келіп жатыр. Қаланың әр бұрышында полицейлер. Әуеден де, судан бақылау жүріп жатыр. Тіпті ұйымның бас штабына жақын орналасқан бірнеше квартал толықтай жабылды. Ол жаққа жақын күндері тек рұқсаты бар адамдар ғана кіре алады. Дархан мендегі бар мәлімет әзірге осы. Толығырақ алдағы шығарылымдарда тарқатып айтамын.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу