Лондонда сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр

15.11.2022

Сайлауға қызу дайындық жұмыстары Ұлыбританияда да жүріп жатыр. Саяси науқанда студенттер белсенділік танытпақ. Тұманды Альбионда уақытша тұрып жатқан отандастарымыз үшін №244 сайлау учаскесі есігін таңғы жетіде ашады.

Астана мен Лондон арасындағы уақыт айырмашылығы 6 сағат. Сондықтан бұл елдегі сайлау Қазақстанға қарағанда кешірек басталып, кеш аяқталады.

Қазір учаскеде соңғы дайындық жұмыстары жүргізіліп, сайлаушылар тіркеліп жатыр. Бұған дейінгі сайлауларда 500-ге жуық қазақстандықтың дауыс бергені белгілі. Учаскеге тек Лондоннан ғана емес Кембридж, Эдинбург, Манчестер қалаларынан да сайлаушылар келеді деген жоспар бар.

Қуаныш Есентай, Лестер университетінің магистранты:

Мен Лестер университетінің бизнес бағыты бойынша leadership және management көшбасшылық деген бағыты бойынша оқып жатырмын. Қазіргі таңда біз отанымызда болмасақ та, шетелде жүрсек те, біз азаматтық борышымызды өтеуге осы жерге келіп, сайлау орталығына келіп, өз дауысымызды беруге дайынбыз.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу