Димаш пен Головкиннің жанкүйерлері Бельгиядағы Қазақстан елшілігіне жиналды
Димаш пен Геннадий Головкиннің жанкүйерлері Бельгиядағы Қазақстан елшілігіне жиналып, ертең өтетін жекпе-жекте жеңіске жетуге тілек білдірді. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінде бүгін ашық есік күндері өтіп жатыр. Шара «Мұралар күні» фестивалі аясында ұйымдастырылған.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Біздің елшіліктің ғимараты - Брюссельдегі ең көрікті ғимараттардың бірі. 19-ғасырда салынған. Сыртынан қызығып жүрген жұрт бүгін ішіне кіріп, көруге мүмкіндік алды. Табалдырықты аттағаннан көпшілік киіз үйді, күбі, бесік, қазақтың ұлттық бұйымдарын көріп аң-таң болуда. Киіз үйдің ішінде шапан киіп суретке түсіп, домбырада ойнап көріп жатыр. Еліміздің атақты тұлғалары бейнеленген, көрікті жерлерінен сыр шертетін көрмені тамашалағандар алған әсерлерімен бөлісуде.
Саду Сабри, Брюссель қаласының тұрғыны:
Мен мәдениеттеріңізбен жақыннан танысқаныма қуаныштымын. Мәдени мұраларың керемет. Көрікті жерлерді өз көзіммен көру үшін Қазақстанға сапарлаймын.
Уинди Мразек, Шарлеруа қаласының тұрғыны:
Мен Димаштың, Қазақстанның жанкүйерімін. Бүгін Лас- Вегаста ән айтатын Димашқа, мексикалықпен жекпе-жекке шығатын Головкинге сәттілік, жеңіс тілеймін.
Димаштың, Головкиннің жанкүйерлері осында жиналып, бір-бірімен танысып жатыр. Жалпы, мұнда қарапайым тұрғындар, Брюссельде орналасқан халықаралық ұйымдардың өкілдері, туристер үшін ұлттық тағамдардан дәм татсын деп дастархан жайылған. Қазақтың тарихымен, мәдениетімен танысқысы келетіндер үшін елшіліктің есігі ертең де ашық.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09