Нейл Ватсон: Толеранттылық тұрғысында Қазақстан өзгелерге үлгі боларлық ел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нейл Ватсон: Толеранттылық тұрғысында Қазақстан өзгелерге үлгі боларлық ел

16.09.2022

Қасым-Жомарт Тоқаевтың америкалық басылымға шыққан «Қазақстан: Батыс пен шығыс арасындағы көпір» атты мақаласын Британиядағы зиялы қауым өкілдері де талқылап жатыр.

Журналист Нейл Ватсон Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қарсаңында шыққан мақаланың айтары көп дейді. Қазақстанда 17 дін өкілдері мен 100-ден астам этникалық топ тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Наным-сенім бостандығына шектеу жоқ. Сарапшының ойынша, татулық пен толеранттылық тұрғысында Қазақстан өзгелерге үлгі боларлықтай мемлекет. Бұл әсіресе, қазіргідей заман өзгеріп, кей елдер арасындағы алауыздық өрши түскен тұста маңызды дейді ол.

Нейл Ватсон, журналист:

Пандемиядан кейінгі кезеңде энергетикалық дағдарыс өршіп, өмір сүру қымбаттады. Мұндай жағдайда бірігуіміз керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаладағы пікірлеріне қосыламын. Президенттің өзі де ؘ– жоғары дипломатия мен толеранттылықты ту еткен саясаткер. Маңызды мәселелер көтеріп, оны халықаралық медиаға жариялағанына қуаныштымын.


Хабарламаларға жазылу