Алматы облысының диқандары биыл судан таршылық көрген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының диқандары биыл судан таршылық көрген жоқ

16.09.2022

Өңірдегі суармалы жерлердің 50% тіршілік нәрімен қамтамсыз етіп отырған Бартоғай су қоймасы 1985 жылы пайдалануға берілген. Күрделі жөндеуді қажет етсе де, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сыйымдылығы – 320 млн текше метр. Ал Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы – 168 километр. Мамандардың сөзінше, биыл су деңгейі былтырғы жылға қарағанда қалыпты жағдайға көтерілген. Қазір шаруалардың сұранысына байланысты секундына 50 текше метр су жіберіледі. Әр шаруаға қанша су керек, қай кезде суағарып бітеді барлығы алдын ала есептелген. Оған қоса түнгі суару жұмыстары да бар. Мұның бәрін аудан әкімдіктерімен бірлесе атқарылған.

Мейрам Арыстанов, Д.Қонаев атындағы «Үлкен Алматы каналы» директорының міндетін атқарушы:

Күзден бастап вегетациялық кезең бітеді. Су қоймасын толығымен жабамыз. Күзде, қыста, көктемде келетін суымыз бар толығымен жинап, келесі вегетациялық кезеңге толығымен суды тастаймыз. Егіншілікке суды береміз.


Хабарламаларға жазылу