«Amanat» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау сапары жалғасуда. Партиялықтар Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына жолға шықты. Бір күн ішінде 4 шалғай елді-мекен қамтылып, қабылдауға 100-ден астам азамат келді. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғындары «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдеріне/ сумен жабдықтау, кентішілік, аудандық жолдарды жөндеу, абаттандыру және өзге де өзекті мәселелер бойынша жүгінді.
Азамат Біржанов, «Amanat» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі жетекшісінің орынбасары:
Мобилді қабылдау 800-ден астам шалғай ауылдық елді мекенде болып, 7 мыңнан астам азаматты қабылдадық. Ауылдағы мәселелер, жүйелі кешенді мәселелер. Сол мәселелерді үш деңгейге бөліп отырмыз, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде шешілетін.