Өткен айда сыбайлас жемқорлыққа барғандар 2,3 млрд теңге шығын келтірді
Алаяқтардың әрекетінен азаматтарға келген шығын шілдеге қарағанда тамызда 117 млн теңгеге жеткен. Көбі қаржы ұйымдары мен банктің атын жамылып, жымысқы әрекетін жүзеге асырады. Мысалы осы аптаның өзінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екі қаржы пирамидасының жолын кесті. Бірі Алматыда мемлекеттік сатып алумен айналысамыз деп, азаматтарды инвестиция құюға шақырған. Оған 100-ге жуық адам қаржы салып үлгерген. Шығыс Қазақстанда да осыған ұқсас жағдай анықталды. Жемқорлықтың салдарынан келген шығын да аз емес. Ұлттық статистика бюросының дерегіне үңілсек, өткен айда сыбайлас жемқорлыққа барғандар 2,3 млрд теңге шығын келтірді. Қызметін асыра пайдаланғандар 2 млрд теңгеге жуық қаржыны қалтаға баспақ болған.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды онлайн тапсыруға болады
24.11.2026, 20:03
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26