Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды

14.09.2022
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды

Халықаралық шара басталмас бұрын жиналғандарға дұға бағыштау үшін бір минуттық үнсіздік берілді. Бұдан соң «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» тақырыбына арналған пленарлық отырысы басталмақ. Өзекті тақырып талқы-таразысына түспес бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйлейді деп жоспарланған. Жалпы 2 күн болатын съезд аясында дін көшбасшыларының әртүрлі кездесулері, 4 секциялық отырыс, Қазақстан Президентінің, Съезд Хатшылығы Басшысының делегация басшыларымен және Съездің беделді қатысушыларымен екіжақты кездесулері өтпек. Пленарлық отырыс барысында «Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының» номинанттарын марапаттау, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің құрметті медальдарын тапсыру да жоспарланып отыр. 

Хабарламаларға жазылу