Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді
Күзде елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Жиын қарсаңында еліміздің Бельгиядағы елшілігі Брюссельде гибридті форматта басқосу ұйымдастырды. Шараға қатысқан сарапшылар, теологтар әлемде бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін дінаралық, конфессияралық диалогты күшейтудің маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ шетелдік меймандар 130-дан астам ұлт пен 18 діннің өкілі тату тұрып жатқан Қазақстандағы дінаралық келісімнің үлгісін жан-жақты саралады.
Абдельазиз Аухаби, Бельгия мұсылмандарының атқарушы комитетінің үйлестірушісі:Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының конгресі өте маңызды жиын. Себебі адамзат баласын түзу жолға салып, дағдарыстарға, пандемияға қарсы төтеп беру үшін барлық діндер күш біріктіруі тиіс. Ғаламда бейбітшілікті қалыптастыруға қомақты үлес қосып отырған Қазақстанның бастамаларына алғысымыз шексіз және сіздердің тәжірибелеріңіз жаһанға үлгі.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06