«Amanat» партиясының 40 күндік «Ауыл аманаты» ақпараттық марафоны аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясының 40 күндік «Ауыл аманаты» ақпараттық марафоны аяқталды

13.09.2022

«AMANAT» партиясының 40 күндік «Ауыл аманаты» ақпараттық марафоны аяқталды. Басты мақсат – ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу. Ауылда 7,7 млн адам тұрады. Бұл халықтың жалпы санының 41 пайызы. Былтырғы дерекке сәйкес, ауыл және қала тұрғындарының ақшалай табысының айырмашылығы 38 пайыз болды. «Ауыл аманаты» жобасы осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Мобильді топ құрамындағы тренерлер 40 күн ішінде республикадағы 179 ауданның 425 ауылы мен ауылдық округінде 250 мың азаматты қамтыған кездесулер өткізді.  

Хабарламаларға жазылу