Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай бір топ ғалым елордадан Торғай өлкесіне жолға шықты. «Ахаң жүріп өткен жолмен» экспедициясы құрамында еліміздің бірнеше қаласынан келген алаштанушы, ахметтанушы, зерттеушілер бар. Олар алдымен Әулиекөлге ат басын тіреп, ғалымның рухына тағзым етеді. Одан кейін Қостанай және Арқалық қалаларында аялдап, Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылы Ақкөлге бармақ. Экспедицияны 17 қыркүйек күні аяқтау жоспарланған.
Жантас Жақып, филология ғылымдарының докторы:
Қостанай, Торғай өлкесіне ғылыми-танымдық экспедицияға шығайын деп отырмыз. Экспедицияның мақсаты – алдымен Ахаңның рухына тағзым ету, туған топырағына тағзым ету. Содан соң Ахаңды сол елге насихаттау. Екі-үш жерде жиын өтеді. Ғылыми-танымдық жиын. Сол жиындарда Ахаңның мұрасын насихаттаймыз.