Қазақстан Президенті Король ІІІ Чарльзді таққа отыруымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльзге оның таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
«Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.
Құттықтау соңында Президент Корольге барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен барлық британдықтарға бақыт пен өркендеу тіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанай облысына 3 мыңдай қандас көшіп келген
16.01.2026, 17:34
Өзбекстанда қазақстандық компаниялар көбейіп келеді
16.01.2026, 17:32
Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынған
16.01.2026, 17:31
Балалар арасында қызылша өршіп кетті
16.01.2026, 17:21
Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға қамалды
16.01.2026, 17:15
Әкесін сабаған Түркістан облысының азаматы сотталды
16.01.2026, 17:12
33 метрлік алып мұржаны сала бастады
16.01.2026, 17:09
Жылыту маусымы басталғалы 1889 өрт тіркелген
16.01.2026, 17:06