Ахмет Байтұрсынұлы туралы кітап ағылшын тілінде жарық көрді
Лондонда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай конференция өтті. Ұлт ұстазы ұлықталған жиында ағылшын тіліне аударылған «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының тұсауы кесілді. Оған қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері мен Алашты зерттеуші ғалымдардың еңбектері енген. Қазақстанның Біріккен Корольдіктегі елшілігі ұйымдастырған шараға британиялық шығармашылық интеллигенция өкілдері қатысты. Ағылшын ақын-жазушылары Ахмет Байтұрсынұлының өмірі және шығармашылығымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Кітапты Ұлттық аударма бюросы басып шығарған. Тәржімасымен көркем аударма саласының маманы Арч Тэйт айналысқан.
Арч Тэйт, аудармашы:
Меніңше, бұл кітап Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтардың бетін ашып, қазақ тілі мен әдебиеті туралы маңызды ақпаратты ағылшынтілді аудиторияға паш етеді. Ахмет Байтұрсынұлы Ресей патшалығы заманында қудалауға ұшыраса да, түрмеге тоғытылса да өзінің миссиясына адал болып, қазақ ұлты үшін басын бәйгеге тіккен адам.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05