Қаңтар оқиғасы: Тәртіпсіздіке қатысқан Шымкенттік азаматшаға үкім шықты
Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан Шымкенттік азаматшаға қатысты үкім өзгерді. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, Ләззат Досмамбетованы сот залынан бостандыққа шығарды. Оның жас баласы бары ескеріліп, жазасын екі жылдан кейін өтеуге шешім қабылданды. Сотталушы қаңтар оқиғасы кезінде өзгелерді тәртіпсіздік жасауға шақырған арандатушылық әрекеті үшін 3 жыл 7 айға бас бостандығынан айырылған. Сондай ақ әйелге жұртты әкімшілік ғимараты мен өзге нысандарды қиратуға үгіттеді, алаңға жүк көлігімен тас әкелуге тапсырма берді деген айып тағылды. Жалпы, Шымкент қалалық сотында қаңтар оқиғасына қатысты 46 қылмыстық іс қаралып жатыр.
Бәйдібек Дүйсебеков, Шымкент қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:
Екі жылға пробация қызметіне барады ол кісі. Ол жерде ол кісіге белгілі бір шектеулер қойылады. Әкімшілік құқық бұзушылық немесе шектеулерді бірнеше рет бұзатын болса үкімді кейінге қалдыру мәселесін пробация қызметі өзгерту туралы ұсыныспен шыға алады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады
23.09.2026, 12:26
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04