Алматыда өрт қойған өрт сөндіруші ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өрт қойған өрт сөндіруші ұсталды

08.09.2022

Алматыдағы өртке өрт сөндіруші себепкер болған. Ағаш пен қураған шөпті өртеп, қашып кеткен азаматты полицейлер қолға түсірді. Ол қаладағы нөмірі бесінші мамандандырылған бөлімнің қызметкері, азаматтық қорғау сержанты Жанат Өтеулиев болып шықты. Тергеп-тексеру кезінде ол өз әрекетін түсіндіре алмаған. Себебі ол кезде қатты мас болған. Қаланың эко ахуалына зардап келтірген азамат тек әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу