Алматыда Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әзілхан Нұршайықовтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Әзілхан Нұршайықов «Қазақ пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде еңбек еткен. 1953-1956 жылдар аралығында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің, 1963-1965 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
Жазушының «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» романдары бүгінде жастардың іздеп оқитын тағылымы мол туындылардың қатарында.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ