Елордада жүгіруден марафон өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жүгіруден марафон өтті

03.09.2022

Бүгін елордада 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың қатысуымен жүгіруден марафон өтті. Бас қаланың жастары бір алаңға жиналып, 6 шақырым қашықтыққа жүгірді. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа 200-ге тарта адам қатысты. Шара қорытындысы бойынша жүзден жүйріктер сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар жастарды ынталандыру мақсатында шара мұнымен бітпек емес дейді.

Азат Теңгебаев, «Қазақстан студенттер альянсының» атқарушы директоры:
Қазір елімізде спортқа ден қойып, өзінің белсенділігін көрсетіп жүрген жастар өте көп. Осы шараны қолдау мақсатында ұйымдастырп жатырмыз. Марафон жүйесі бойынша осы жобаны бірінші рет ұйымдастырп жатырмыз. Бірақ, әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шара бойынша Республикалық IQ-дода өткізу жоспарда бар.

Әлімжан Балтабаев, марафон жеңімпазы:
Жүгіру марафонымен айналысып жүргеніме 9 жыл уақыт болды. 9 жыл ішінде біртаалй жарысқа қатыстық. Қиынға соққан жоқ, кәсіби түрде айналысқан соң бір жаттығу ретінде жүгіріп өттік қой.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу