Еуропалық сарапшылар Жолдауды демократияға жасалған қадам деп бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық сарапшылар Жолдауды демократияға жасалған қадам деп бағалады

02.09.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауы – қазақ қоғамын демократияландыруға бағытталған маңызды бастамалар топтамасы. Еуропалық сарапшылар Мемлекет басшысының Жолдауына осылай деп баға берді. Саясаткерлердің пайымынша, сайлау үдерісін жаңғырту, құқық қорғау институттарын күшейту арқылы Қазақстан халық үніне құлақ асатын құқықтық мемлекет тұжырымдамасын сәтті жүзеге асырады. Және бұл қазақ елінің экономикалық, саяси, рухани тұтастығын бекіте түсетін маңызды құжат дейді, сарапшылар.

Пьер Боргольтц, Орталық Азия бойынша еуропалық сарапшы:

Президент Тоқаевтың әлеуметтің әлжуаз топтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламалары – күнкөрісі төмен тұрғындарға үлкен көмек. Президенттің бұқараның талап-тілегіне құлақ түріп, оны шешудің жолдарын қарастыруы керемет механизм. Білімге баса назар аударып, жастардың жұмысқа орналасуына жағдай жасап, экономиканы диверсификациялау, ауыл шаруашылығын дамыту сияқты нақты шаралар атқарылатыны көңіл қуантады.

Ипек Текдемир, Еуропалық Парламенттің саяси сарапшысы:

Президенттің өкілеттілігін қысқартып, сайлау үдерісіне өзгеріс енгізуі, саяси партияларды қайта құру сынды Тоқаевтың маңызды реформалары – Қазақстанды жаһанға жаңа қырынан танытудың, Жаңа Қазақстан құрудың бастамасы. Саяси модернизациясыз тиімді экономикалық дамуға қол жеткізу, азаматтық қоғамды дамыту, елдің егемендігін сақтап қалу қиын. Сондықтан бұл өте құптарлық бағдарлама.

Хабарламаларға жазылу