Жолдаудағы төртінші бағдар аясында мемлекеттік басқару ісі қайта жаңғыртылмақ. Саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса мән беріледі. Үкіметтің кейбір құзіреттері -министрліктерге беріледі. Ықшамды үкімет аппаратын қайта құру және жаңа әкімшілік реформа әзірлеу міндеттелді. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аударылмақ. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу қажеттігі айтылды. Квазимемлекеттік сектордағы басқару ісінің тиімділігін арттыруға айрықша назар аударған жөн. Ол үшін «Самұрық-Қазына» қорының жаңа жұмыс үлгісін түпкілікті айқындап алу қажет, - деді Президент.
Раушан Сайлауқызы