Судьялар сайлау арқылы таңдалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судьялар сайлау арқылы таңдалады

01.09.2022

Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Жолдауда осылай деген Президент қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау жайлы айтты.

Президент ұсынған өзгеріске сай сот төрағасы лауазымы өзгереді. Судьялар мәртебесі теңесіп, өзінен жоғары тұрған әріптесіне тәуелді болмайды. Тағы бір жаңашылдық, сот төрағалары мен жоғары сот судьялары сайлау арқылы таңдалады. Бұл – салаға мықты заңгерлерді тарту, олардың дербестігін арттыру үшін жасалып отыр.Сондай-ақ күштік құрылымдардың сотқа ықпал етпеуі баса айтылды. Судьяларға әкімшілік қысым көрсететін амал-тәсілдер жойылуы керек. Олардың ісіне араласқандар заң бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Бұл саладағы тағы бір өзгеріс сот алымдарына қатысты. Өйткені бизнес өкілдері сот алымдарының тым қымбаттығы мүддесін қорғауға айтарлықтай кедергі келтіреді деп есептейді. Президент осыны ескере отырып, мүлік даулары бойынша ойға қонымды алым мөлшерін белгілеу қажет деді.

Хабарламаларға жазылу