«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы: 42 мыңнан аса балаға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы: 42 мыңнан аса балаға көмек көрсетілді

31.08.2022

«AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлайық!» қайырымдылық акциясы аяқталды. Биыл партия мүшелері 42 мыңнан астам баланы мектепке даярлады. Оқушыларға мектеп формасы, сөмкелер мен кеңсе тауарлары үлестірілді. Қайырымдылық акциясы саяси ұйымның «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылды. Он екінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізілген шараның мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын 1 қыркүйекке дайындауға көмектесу. Партиялықтар акцияны елдің барлық өңірінде өткізген.

Гүлнар Сейітомар, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Мен осы «AMANAT» партиясына жүгінген болатынмын, көмек сұрап. Осылай көмектесіп жатыр бізге қамқорлық көрсетіп. «Мектепке жол» акциясы басталды деген соң көмек сұрадым. Көмектесті міне, қолдан келгенше, рақмет!
Нұржамал Сәрсенғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:
Бізге жиырма мыңдық сертификат берді. Біз өте қуаныштымыз. Құрал жабдықтарын бергеннен осы сертификатпен бала өзі таңдап, оқу-құралының керегін алып балаларын әлемінде қызықтап жүрсе, баланың қуанышы біз үшін мәртебе.


Хабарламаларға жазылу