Дегелен-Курчатов-Белогорье теміржолы қызыл судың астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дегелен-Курчатов-Белогорье теміржолы қызыл судың астында қалды

31.03.2017

Тасқын су  Павлодар облысындағы Баянауыл мен Май аудандары, Екібастұз қаласы бағытындағы күре жолдардың біраз бөлігін шайып кетті. Тіпті, Павлодардан 197 шақырымдағы Дегелен-Курчатов-Белогорье теміржолы қызыл судың астында қалды. Соның салдарынан «Алматы- Павлодар» бағытындағы №31, «Астана-Лениногорск» бағытындағы №376, №67  «Защита-Астана», №68 «Астана-Защита» пойыздарының бағыты өзгерді.

Яғни, Ресей Федерациясы арқылы өтетін айналма жолмен жүреді. Сол себепті аталған бағыттар бойынша жол жүру уақыты 16 сағатқа дейін ұзарады. Қазір апатты аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу