Биыл қай өңірлерге су басу қаупі төніп тұр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл қай өңірлерге су басу қаупі төніп тұр?

22.02.2020

Қардың бәрін тасып бітуге тырысу керек, өйткені көктемде мұның бәрі ерісе тасқын болады. «Алпыс күн тасыған су, алты күнде қайтар» деген бар. Бірақ қайтқан қызыл су талай шаңырақты ортасына түсіріп, қора-қопсына қиратып, жолдарды шайып шығады. Қары қалың қаланың соры қалың болмасын деп тілейміз қазірден.

Өйткені бұған дейін «алаңдамаңдар, қар қалың болғанмен айналаны су алмайды» деп көп айтты шенділер. Болмады, біраз жер қызыл судың астында қалды. Бұрын арнасынан адасып аққан қар суынан жапа шеккен жұрттың бүгінгі жәй-күйі қалай, биыл қай өңірлерге қауіп төніп тұр?

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу