КСРО-ның соңғы басшысы Михаил Горбачев қайтыс болды
Бұрынғы Кеңес одағының соңғы президенті Михаил Горбачев 91 жасында дүние салды. Марқұм бір кездері қырғи-қабақ соғысты қантөгіссіз аяқтады. Ал оның советтер елінде жүргізген шектеулі еркіндікке негізделген саяси және экономикалық реформалары бақылаудан шығып кетіп, КСРО-ның күйреуіне жол ашты. Нобель сыйлығының лауреаты АҚШ-пен ядролық қару санын қысқарту туралы келісімге қол қойып, екі Германияны біріктірді. Ал 1989 жылы Шығыс Еуропаның коммунистік елдерінде демократияны талап еткен шерулер басталғанда, Горбачев ол мемлекеттерге әскер кіргізген жоқ. Бұл жағдай сол кездегі кеңестік 15 республиканың тәуелсіздікке құлшынысын тіпті күшейтіп, 1991 жылы Кеңес одағының біржолата ыдырауына алып келді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07