Жамбыл облысында жүк пойызынан секірген екі баланың бірі көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жүк пойызынан секірген екі баланың бірі көз жұмды

31.08.2022

Жергілікті әкімдік мәліметінше, олар Билікөл ауылы тұсында жүріп келе жатқан жүк пойызынан секіріп түскен кезде жарақат алған. Анықталғандай балалар әкелеріне бармақ болып, пойызға мініп кеткен. Жеті жасар бала аруханаға жеткенде ес-түссіз, жағдайы өте ауыр болған. Ол жансақтау бөліміне жеткізіліп, шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Алайда жарақаттың ауыр болуынан 2015 жылғы баланы құтқару мүмкін болмаған. Ал 2013 жылы дүниеге келген Құмгелді Нұрәлидің миы шайқалған, оң жақ самай тұсында жарақаты бар. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп отыр.


Хабарламаларға жазылу