Үш облыста өткен сенаторлар сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Ұлытау облысынан Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров ең көп дауыс жинады.
Ал Жетісу облысынан Жетісу мемлекеттік университетінің деканы Амангелді Төлемісов пен Ербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаевтың жинағаны дауысы көп болды.
Ал Абай облысында сайлаушылар Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов пен «Қайнар» колледжінің директоры Айнұр Арғынбаеваны қолдаған.
Еске салсақ, бүгін Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болды. Барлық үш өңірден таңдау жасап, дауыс беруге 346 мәслихат депутаттары қатысты.
Раушан Сайлауқызы