Оралда екі жұмысшы кәріз суына батып кетті
Оралда кәріз сорғы станциясында апат болып, екі жұмысшы шайынды суға батып көз жұмды.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Бүгін түсте қаланы сумен қамтитын «Батыс су арнасы» коммуналдық мекемесінде апат болып, екі жұмысшы қаза тапты. Оқиға 2 кәріз сорғы станциясында болған. Ол жерде таңертең ысырманың істен шыққаны белгілі болады. Құрылғыны жөндеу кезінде камераға су толып, екі жұмысшы суға батып кетеді. Кәсіпорын бір адамның денесін судан өздері алып шығады, ал екінші жұмысшының мәйіті құтқарушылардың көмегімен табылды. 51 және 39 жастағы екі азамат кәсіпорынның байырғы жұмысшылары болған. Қайғылы жағдайға орай қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, Қала әкімі мен кәсіпорын басшылығы қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтты.
Әнуар Аркенов, «Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры:
Жұмысшыларымыздың отбасыларына тиісті материалдық көмек көрсетіледі, жерлеу рәсімінің шығынын да кәсіпорын көтереді. Қазір жазатайым оқиғаның нақты себебін айта алмаймын. Жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Комиссия құрылды. Оқиға істен шыққан құрылғыны жөндеу кезінде болды. Қазір қаланың бірнеше ауданында су беру тоқтатылды. Апатты жөндеу жұмыстары аяқталғасын, қосамыз.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Апат салдарынан Орал қаласының орталық бөлігі және Зачаган мен Селекционный кенттері сусыз қалды. Әзірге қашан қалпына келері белгісіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18