Ақмола облысында енді балалар үйлері жоқ
Олар балалар мен отбасыларды қолдау орталықтарына айналды. Мекемелердің атауы ғана емес, сондай-ақ жұмыс істеу тәртібі де өзгерді. Балалар үйлері тәрбиеленушілерді күтіп-бағуға ғана жауапты болса, енді биологиялық та, асырып алған отбасылармен де тығыз байланыста болмақ. Ата-ана құқығын қалпына келтіруге көмектесу, бала асырып алуға жәрдемдесу сынды функцияларды атқармақ. Келесі жылдан бастап фостерлік отбасылар болады. Олар балаларды уақытша бейімдеумен айналыспақ. Басты мақсат – балалардың жанұяда өсуін қамтамасыз ету. Осы ретте орталықта жұмыс істейтін мамандардың да саны артпақ. Қазіргі уақытта облыста 200-ге жуық бала қолдау орталықтарында тәрбиеленуде.
Құралай Жұмабекова, «Ана үйі» қоғамдық қорының аймақтық өкілі:
Соңғы үш жылда балалар үйілері біртіндеп өзгертілді. Бұл пилоттық жоба аясында жүзеге асты. Осы айдан бастап толығымен балалар мен отбасыларды қолдау орталықтары болып ауысты. Мамандардың саны ұлғайып, бұл бір әлеуметтік қызмет ретінде жұмыс жүргізбек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54