Ақтөбеде екі күннен бері қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Жалын 800 шаршы метрді шарпыған. Ең сорақысы, бұл тұрмыстық қалдықтар төгетін орын осы жазда 13 рет өртенген.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қоқыс өздігінен жанған. Яғни полигонның төменгі қабатында жиналған метан қызып, өрт шыққан. Оқиға орнында 20-ға жуық техника мен 40 маман жұмыс істеуде. Кеше жалын толық сөндірілді. Дегенмен төменгі қабаты әлі бықсып жатыр. Ол аумақтар топырақпен көмілуде.
Полигон әкімшілігіне қазірге дейін жалпы сомасы 460 мың теңгеге он рет айыппұл салынған. Аумағы 60 гектар болатын бұл полигонды жабу керектігін экологтар да айтып отыр. Ал шаһар басшылығы келесі айда тұрмыстық қалдықтар төгетін жаңа алаңның қолданысқа берілетінін хабарлады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22