«Бәйтерек» холдингі Сбербанктің елдегі үлесін сатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бәйтерек» холдингі Сбербанктің елдегі үлесін сатып алды

23.08.2022

«Бәйтерек» холдингі Сбербанктің елдегі үлесін сатып алды. Сбербанк қазіргі геосаяси жағдайды ескеріп, банк салымшыларының мүддесі үшін қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдаған.

«Бәйтерек» холдингі енді тез арада банкті толық жұмысқа қайтаруға кіріседі. Сонымен бірге экономиканың нақты секторын қаржыландыруды жалғастырады. Банк әрі қарай салымшылары алдындағы міндетін орындайды. Барлық шарт өзгеріссіз қалады.

Маусымда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері Сбербанктің елдегі еншілес компаниясының сатылатыны туралы хабарлаған еді.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу