«Бәйтерек» холдингі жаңа бағдарламаны қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бәйтерек» холдингі жаңа бағдарламаны қолға алды

17.01.2015
«Бәйтерек» холдингі жаңа бағдарламаны қолға алды

Қайтарымы аз несие, лизинг, инновациялық гранттар мен субсидия. Осыған дейін орта бизнеске мұндай жеңілдіктерді «Бәйтерек» холдингі құрамындағы еншілес кәсіпорындар беріп келді.

Енді жаңа бағдарламаға сәйкес бұл жұмыстар бір орталықтан атқарылатын болды. Яғни, «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді.  

Тың жоба «Даму» банкі, «Қазақэкспортгрант» және «Даму» қоры сияқты холдингтің еншілес құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.

Негізгі басымдылық экономика секторындағы үш салаға беріліп отыр. Олар машина құрылысы, тамақ өнеркәсібі және құрылыс заттарын өндіру.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу