Президент экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді

23.08.2022

Биыл жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3 пайыздан кем болмайды. Ал келер жылы 4 пайызға жетеді. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңестің күн тәртібінде Премьер-министр осылай деді. Жиында 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралды. Үкіметтің деректеріне сәйкес, жалпы ішкі өнімнің номиналды өсімі биылғы 103,6 триллион теңгеден 120,7 триллион теңгеге дейін жетпек.

Ал келесі жылы салық түсімдерінің артуы есебінен бюджеттің кіріс бөлігі 10,5 триллион теңгеден 13,5 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қаржыны тиімді жоспарлау мен үлестіру қажеттілігіне баса назар аударуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ бюджет мәселелерін жетілдіруді тапсырды.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу