Елордалықтар енді көшеде шырт-шырт түкірмейді. Қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық орындарда түкіргендерге жазаны күшейтуді ұсынды. Әсіресе, «сергек» камералары арқылы тәртіп бұзғандарды анықтап, жазалау ісін одан әрі жетілдіру керек дейді.
Мәселе бүгінгі ырымда емес, мәселе түкірікте. Көшедегі көп адамның қайсысы жерге түкіреді екен деп төбедегі сергек күзетіп тұр. Елордалық мәслихат депутаттары қоғамдық орындағы тәртіпке қатысты заңды күшейтуді ұсынды.
Ләззат Разбекова, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:
Сессия отырысында бұл мәселені мәслихатта Динара Сатжанқызы көтерді. Әкімнің тарапынан да қолдау көрсеткені қуантты. Сондықтан да, талапты күшейту қажет.
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар. Түкіруге қатысты тиым жайлы естіп, шын қуанғандардың бірі - Ақмарал Қожамқұлова. Ол таңғы 5-6-дан кеш батқанша көше тазартады.
Ақмарал Қожамқұлова, «Астана тазалық» ЖШС жұмысшысы:
Темекінің шылымдарын теру ештеңе емес, балалар тура осының жанына кеп қақырып, түкіріп, міне насыбайларының іздері жатыр. Айтуға біз батпаймыз, өйткені,бір-екі рет балалардан сөз естідік. Мынау аялдамалардың жанын жинау да мүмкін емес.
Темекі шегетін, насыбай ататын адамдар түкіргіш келеді. Әсіресе, жол бойында көліктен түспестен ауыздағы қоқысын тастап жатады.
Серік Ерғали, мәдениеттанушы:
Біздің қазақта насыбай ататындарда өзінің түкіргіші болған, кәдімгі банкіге беті қағаз салып тұмшалап қоятындай. Енді, қазір бізде кәсіпкерлік бар ғой. Міне осыған араласуға болады. Түкіргіштер шығаруға болады. Мәдениетсіздікті тек ғана мәдениетпен шешесіз. Басқа жол жоқ. Заңмен ұзаққа созылады.
Көшені ластап, оның ішінде түкіргені де үшін былтыр 5412 , биыл 6300 адам айыппұл алған. Егер түкірікке қатысты заңға түкіргенім бар десеңіз, 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлейсіз. 15 900тг. Екінші рет қайталанса айыппұл да екі еселенеді.
Дегенмен, қоғамдық орындарды ластаған, оның ішінде түкіргендерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бабы әуелден бар екен.
Қанат Нысантаев, «Алматы» АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы:
Нұрсұлтан қаласының тұрғындарының қоғамдық орындарды ластауы бойынша біз жауапкершілікке тартып жатырмыз. 03:07 "Біздің бейне таспаға жаяу жүргіншілер де , көлік жүргізушілер де бірдей түсіп жатады.
Азамат Бейбітұлы