Түркиялық қандас бауырларымыз да фестивальден қалыс қалмады. Анадолыдағы ағайындар қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, басқа да ұлттық өнеріміздің құдіретімен шараның көркін қыздыра түсті.
Фестиваль барысында қандастарымыз құрметті қонақтардың иығына шапан жауып, жайылған ақ дастарқаннан дәм татқызды.
Фестиваль 10 күнге созылады. Ал, шараның соңғы күнінде барлық ұлт өкілінің қатысуымен үлкен гала-концерт ұйымдастырылады.
Бақытжан ОМАР