Түркістан облысында жаңа спорт кешені ашылды
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде «Жетіген» спорт кешені пайдалануға берілді. 520 орындық нысан «Ауыл», халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Жаңа Қазақстанға - Жаңа ауыл» жобасы аясында ашылды. Бұл жерде балалар бокс, дзюдо, қазақша және еркін күреспен шұғылдана алады. Кешеннің салтанатты түрде ашылу шарасына сенатор, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев қатысып, спорт кешенінің ауыл балалары мен жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Әли Бектаев, ҚР «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:
Әрбір ауылдарда шетте жатқан, шалғайда жатқан, перспективасы жоқ ауылдарға біздің «Ауыл» партиясының белсенділері шама шарқына қарай, мүмкіндігіне қарай көмектесу тәсілдерін қоланып келе жатыр. Бір жерде мысалы осы электр желілерін тартып беруге, бір жерде ауыз су жүргізуге, бір жерде тұрғын үй салып, көпбалалы отбасыларға сыйлауға атсалысып жатыр.
Бекарыс Смайыл, жас спортшы:
Біз бұдан алдын колледжде жаттығатын едік. Осы Жетіген спорт залына көшкеннен кейін осы жақта жаттығу құралдары бәрі бар. Осы жақта жаттықан маған ұнады. Мен еркін күрестен Қазақстанның атын танытатын Олимпиада чемпионы болғым келеді.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда лимон өсірушілер қатары көбейген
27.12.2025, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
26.12.2025, 20:58
Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
26.12.2025, 20:56
МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.12.2025, 20:54
Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
26.12.2025, 20:46
Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
26.12.2025, 20:44
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
26.12.2025, 20:42
Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
26.12.2025, 20:40