Шымкент зауыты өнім көлемін арттырады – ҚР Энергетика министрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент зауыты өнім көлемін арттырады – ҚР Энергетика министрі

15.08.2022

Шымкент мұнай өңдеу зауыты өнім көлемін арттырады. Бұл туралы Атырауға сапарында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Елде тағы бір зауыт салғаннан гөрі, оңтүстіктегі кәсіпорынды ұлғайтқан әлдеқайда тиімді болмақ. Ол жақта мұнай өнімін тұтынатын нарық бар. Әрі зауыт жылына 12 млн тоннаға дейін шикізат өңдеуге жобаланып жасалған. Тақыр жерде жаңа зауыт салғаннан гөрі, қолда бар ресурсты пайдалану қаржыны үнемдеу жағынан да тиімді болмақ.


Хабарламаларға жазылу