Елде вирус жұқтырғандар саны азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде вирус жұқтырғандар саны азайып келеді

15.08.2022

Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді.

Өткен тәулікте 930 адамнан вирус анықталды. Індетке шалдығудың ең көп жағдайы елордада, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында тіркелген. Ал былтырдан бері COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін 9 миллион 572 423, ал 2-ші компонентін 9 миллион 351 506 адам салдырды. Сондай-ақ 1 миллион 193 мың азамат «Pfizer» препаратының толық курсын алған. Оның ішінде 39 мыңы - жүкті әйел.


Хабарламаларға жазылу